Ұлытау облысының әкімдігі Қытай Халық Республикасында өңіраралық ынтымақтастық орнатты

140

Сиань қаласында ҚР Бас консулдығының қолдауымен Ұлытау облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлытау облысының әкімдігі Қытай Халық Республикасында өңіраралық ынтымақтастық орнатты Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу, өзаратүсіністік туралы меморандумдарға қол қою және екі жақтың стратегиялық серіктестігін нығайтуға бағытталған.

Іс-шараға Ұлытау облысының әкімі, мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған Ұлытау облысының делегациясы, сондай-ақ қытайлық және қазақстандық компаниялардан 100-ге жуық өкіл қатысты.

Форум аясында Ұлытау облысының инвестициялық әлеуеті, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және өңірдің перспективалы инвестициялық жобалары таныстырылды.

Өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, G2B және B2B форматтарында кездесулер өтті. Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 12.5 миллиард теңгені құрайтын ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды.

Құжат келесі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді:

  • Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларындағы тұрғын үйлерді қайта жаңғырту;
  • металлургиялық шлактарды қайта өңдеу;
  • сүт-тауар фермасын салу.

Ұлытау облысының әкімі өңірдің жоғары инвестициялық әлеуетін және халықаралық ынтымақтастыққа ашықтығын атап өтті:

"Біз инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Бүгіннің өзінде бірқатар компания Ұлытау облысы аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын", – деді өңір басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу