Ұлытау және Қарағанды облыстарында автожолдарда қозғалыс шектелді

74

Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ұлытау және Қарағанды облыстарында автожолдарда қозғалыс шектелді Фото: Central Media 24

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2025 жылғы 29 желтоқсан сағат 22:00-ден бастап республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Ұлытау облысында:

  • "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 433–788 шақырым аралығы (Жезқазған қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін);

  • "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 24–64 шақырым аралығы (Сәтбаев қаласынан Жезді елді мекеніне дейін).

Қарағанды облысында:

  • "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 788–906 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасынан Топар елді мекеніне дейін).

Жол қозғалысын 2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу