Ulytau Zhastary: Биыл 32 жас отбасы баспаналы болды

163

Бағдарламаға мұғалімдер, дәрігерлер мен медбикелер, спортшылар, мәдениет қызметкерлері, журналистер, ЖОО оқытушылары, ғылыми және әлеуметтік сала мамандары қатысады.  

Ulytau Zhastary: Биыл 32 жас отбасы баспаналы болды Фото: bizmedia.kz

Ұлытау облысын дамытудың кешенді жоспары аясында 35 жасқа дейінгі жастарға арналған Ulytau Zhastary жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бағдарлама жас мамандарға тиімді шарттармен өз баспанасын сатып алуға мүмкіндік береді.

Оның негізгі шарттары: пайыздық мөлшерлеме – 5 пайыз, несие сомасы – 20 миллион теңгеге дейін. Кемінде 10 пайыз бастапқы жарнасын төлейді.

Ulytau Zhastary жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы арқылы 2023 жылы 750 миллион теңге бөлініп, 39 жас отбасы баспаналы болды. 2024 жылы 1 миллиард теңге қарастырылып, 57 отбасы тұрғын үйге қол жеткізді.

Биыл 625 миллион теңге бөлініп, 32 жас отбасын баспанамен қамту жоспарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу