Ұлытау облысында жыл басынан бері ҚК-нің 346-бабы бойынша көлікті масаң күйде басқарған 15 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аймақ соттары олардың әрекетін "жоғары қоғамдық қауіптілік" деп бағалап, кінәлілерге өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру және бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Мысалы, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған тұлға 2025 жылғы 16 тамызда Сәтбаев қаласында "Mercedes-Benz" автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.
Сот оны кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.