Ұлытауда алып қой шаруашылығы жобасы жүзеге асырылып жатыр

Осы күні 3 мыңнан аса қой сатып алынған.  

Ұлытауда алып қой шаруашылығы жобасы жүзеге асырылып жатыр Фото: eldala.kz

Шаруашылықтағы ветеринариялық қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Облыста ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 5 000 басқа арналған қой шаруашылығы жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Жоба мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу, жайылымдық ресурстарды тиімді пайдалану және қой басының генетикалық әлеуетін арттыру арқылы тұрақты әрі бәсекеге қабілетті шаруашылық моделін құруға бағытталған, – делінген ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан хабарламада. 

Қазіргі уақытта 3 мыңнан астам қой сатып алынып, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жұмыстары жүргізілгені жайлы мәліметтер бар.

Жобаны табысты жүзеге асыру облыстың аграрлық секторының дамуына елеулі үлес қосатыны айдан анық. Бұл сонджай-ақ өндіріс көлемін арттыруға, отандық қой шаруашылығының ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу