Ұлытауда сейф ұрлаған күдіктілер видео арқылы ұсталды

126

Криминалдық полиция қызметкерлері Жәйрем кентінде тұрғын үйден сейф ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді. 

Ұлытауда сейф ұрлаған күдіктілер видео арқылы ұсталды Фото: бейнежазбадан

Ұлытау облысында ірі көлемдегі ұрлық қылмысы әшкереленді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Полиция мәліметінше, наурыз айында жергілікті тұрғын кешкі уақытта белгісіз адамдар үйіне заңсыз кіріп, сейфті алып кеткенін хабарлаған. Қаскөйлер металл торды бұзып, пластик терезені күштеп ашу арқылы ішке енген. Сейф ішінде ақша қаражаты, жылжымайтын мүлік құжаттары және бағалы зергерлік бұйымдар болған. Жалпы шығын көлемі 9 миллион теңгеден асқан.

Қылмыс сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда екі адамның сейфті көтеріп алып шыққаны анық көрінеді.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Алматы, Қарағанды қалалары мен Жәйрем кентінде 27-39 жас аралығындағы үш күдікті ұсталды. Олардың екеуі — Жаңаарқа ауданының тұрғындары, өзара туыстар екені белгілі болды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу