Ұлытауда жыл басынан бері 93% заңсыз қоқыс орны жойылды

397

 "Таза Қазақстан" бастамасы аясында өңірде 99 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталған.  

Ұлытауда жыл басынан бері 93% заңсыз қоқыс орны жойылды Фото: zhaikpress.kz

Ұлытау облысында "Таза Қазақстан" ұлттық экологиялық бастамасы аясында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық экология департаментінің мамандары Жезқазған қаласында жүргізген тексеру барысында тұрмыстық және құрылыс қалдықтары төгілген 20 заңсыз орын анықтады. Осыдан кейін қала әкімдігіне оларды жою бойынша шара қабылдау туралы хат жолданды.

Қазіргі таңда анықталған қоқыс орындарының 16-сы, яғни 80 пайызы жойылды. Жиналған қалдықтар арнайы полигонға шығарылды. Қалған орындарды тазарту жұмыстары жалғасып, департамент тарапынан бақылауда тұр.

Жыл басынан бері Ұлытау облысында барлығы 99 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталған. Оның 93-і жойылып, бұл көрсеткіш жалпы анықталған орындардың 93 пайызын құрады.

Экология мамандары заңсыз қоқыс орындарын жою қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу