Ұлытаудағы өрт: Жас жігіттің денесі табылды (Видео)

1156

Өрт салдарынан кісі өлімімен қатар 200 бас қой қырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ұлытаудағы өрт: Жас жігіттің денесі табылды (Видео)

"Ұлытау ауданында дала өрті салдарынан ТЖ режимі жарияланды. Өкінішке қарай, адам шығыны орын алып, көз жұмған жас жігіттің денесі табылды. Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, 200-ден астам қой қырылды", - деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек фейсбук парақшасында.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 17 табиғи өрт ошағы бақылауға алынған. Оқиға орнында тәулік бойы 70 бірлік техника, ТЖД 350-ден астам қызметкері мен еріктілер жұмыс істеуде. Сондай-ақ орын алған 15 өрттің 10-ы жойылды. Қазір 2 дала өрті және 5 өрт ошағы бақылауға алынған.

Табиғи өрт ошақтарын сөндіруді жедел ұйымдастыру үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру шаралары әкімнің орынбасары С.Шайдаровқа тапсырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу