Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Ордабасыға жетті

727

31 наурыз күні Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев Түркістан облысының Ордабасы ауданына табан тіреді, депхабарлайды inbusiness.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Ордабасыға жетті

"Ұлытауға бардың ба?" деген атпен экспедицияға шыққан жиһанкез елімізді жаяу аралап, рекордтар кітабына енуді мақсат тұтқан. Жуырда ғана ол Түркістан қаласында болды.

Жиһанкез әуелі күш атасы — Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы облыстық спорт мұражайына бас сұғып балуанның өмір деректерімен танысып, даңқты балуан мәңгілік мекен еткен Темірландағы мазаратқа барып, зиярат етті. Онан соң үш жүздің басы қосылған тарихи мекен — Ордабасы тауына қарай жол тартты.

72 жастағы Сәрсенбай Оспанұлының сөзіне сүйенсек, бұл сапарында ол қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан қолданбалы өнер түрлерін жинақтап, ЮНЕСКО-ға өткізуді көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу