Umai-2022: Балалар жылында арнайы жүлде тағайындалды

637

Umai ұлттық сыйлығы 4 номинация бойынша өтпек. 

Umai-2022: Балалар жылында арнайы жүлде тағайындалды

Балалар жылында Umai ұлттық сыйлығы аясында "Үздік балалар спектаклі" арнайы жүлдесі тағайындалды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Хореографиялық өнер" бойынша "Үздік би ұжымы", "Балеттегі үздік орындаушы", "Үздік хореограф", "Үздік балет спектаклі" аталымдары бойынша арнайы жүлде тағайындалмақ. 

"Одан кейінгі номинация – "Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер". Бұл "Үздік сәндік-қолданбалы өнер туындысы" үшін және "Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер" аталымы бойынша 2 сыйлық көркем сурет, графика және заманауи өнердегі жұмыстарға беріледі", деді спикер.

Ведомство өкілінің айтуынша, әр номинация бойынша жүлде қоры 2 млн теңгеден бастап 6 млн теңгеге дейін деп белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу