"Ұмай" ипотекасы бойынша өтінім қабылдау тоқтатылды

338

Бұл туралы "Отбасы банк" хабарлады.

"Ұмай" ипотекасы бойынша өтінім қабылдау тоқтатылды Фото: ЖИ

"Ұмай" әйелдер ипотекалық бағдарламасы аясында бөлінген қаражат толығымен игерілді. Осыған байланысты жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Банк мәліметінше, бағдарламаның екінші кезеңінде жалпы сомасы 20 млрд 266 млн теңгені құрайтын 851 сертификат берілген.

"Ұмай" бағдарламасы қазақстандық әйелдер арасында жоғары сұранысқа ие болған. Бөлінген қаржы көлемі толық игерілгендіктен, өтінім қабылдау аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу