Үнді инвесторлары мұнай барлаумен айналысудан бас тартты

908

Олар ірі мұнай өндіруші активті сатып алғысы келеді.

Үнді инвесторлары мұнай барлаумен айналысудан бас тартты

Үндістандық Oil and Natural Gas Corporation Limited (ONGC) компаниясы Қазақстанда ірі мұнай өндіретін активтерді сатып алуға мүдделі. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Бөлім басшысы жақында Үндістаннан оралғанын айтты. Ол үкіметаралық комиссияның құрамында жүріп Қазақстанда өндіріспен айналысқысы келетін бірқатар компаниямен кездесті.

"ONGC компаниясы кез келген ірі мұнай өндіруші активті сатып алуға мүдделі. Біз оларға барлаумен айналысуды ұсындық, бірақ олар тек қана активті сатып алғысы келеді",– деді Бозымбаев.

Оның айтуынша, Үнді инвесторлары Қазақстан аумағында авациялық жүк хабын құруға да қызығушылық танытып отыр.

"Сондай-ақ мұнда азот тыңайтқыштарын өндіруді бастағысы келетін машина жасау компанияларымен келіссөздер жүргізілді", – деп түйіндеді энергетика министрі.

Oil and Natural Gas Corporation Limited – Үндістанның ең ірі мұнай-газ корпорациясы. Fortune Global 500 рейтингісінде 402-ші орында тұр. Ол үнді шикі мұнайының 77% - ын және табиғи газының 81% - ын өндіреді.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы ONGC "Қазмұнайгаздың" Сәтпаев кен орнындағы 25% үлесін сатып алған болатын, 75%-ы ұлттық компанияға тиесілі. Осы кен орнында бірлескен ұңғыма алғаш рет  2015 жылы бұрғыланды. Сол жылы Үнді премьер-министрі Нарендра Моди Назарбаев Университетінде дәріс оқып, елдің Қазақстанның мұнай саласына инвестиция құюға ниетті екенін мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу