Үнді мұхитында қайық апатқа ұшырап, 250 адам із-түзсіз жоғалып кетті

392

Қайық Бангладештен шығып, Малайзияға қарай бағыт алған.  

Үнді мұхитында қайық апатқа ұшырап, 250 адам із-түзсіз жоғалып кетті Фото: Press Agency/Global Look Press

БҰҰ-ның босқындар және көші-қон ісі жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес, Андаман теңізіндегі қайық апатынан кейін 250 мигрант із-түзсіз жоғалып кеткен. Олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

BBC жазуынша, Бангладештен шығып, Малайзияға бағыт алған траулер қатты жел, теңіздегі дауыл және шамадан тыс жүктелуі салдарынан суға батып кеткен деген болжам бар. Қайықтың нақты қашан аударылғаны белгісіз, 9 сәуір күні Бангладеш туымен жүрген кеме тоғыз адамды аман алып қалған. Жағалау күзетінің дерегінше, олар бөшкелер мен ағаш қалдықтарына жармасып тұрған.

Мьянманың ең ірі этникалық азшылықтарының бірі саналатын рохинджа өкілдерінің жүздеген мың адамы 2017 жылғы қуғын-сүргіннен кейін Бангладешке қашып өткен. Олар негізінен мұсылмандар болып саналады.

Оқиғадан аман қалғандармен тілдескен жағалау күзеті қызметкерінің сөзінше, босқындар 4 сәуірде Бангладештен Малайзияға жолға шыққан. 7-8 сәуір күндері дауыл тұрған.

Босқындар лагерлеріндегі ауыр жағдай салдарынан рохинджа өкілдері Малайзияға ағылады. Олар діттеген бағытқа жетудің қауіпті жолдарын іздеуге мәжбүр. Бұл ретте олар Малайзияны өмір сүруге қауіпсіз ел деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу