Үндістан Франциядан жойғыш ұшақтар сатып алуға келісім жасады

638

Бұл туралы Үндістанның Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде де айтылды.  

Үндістан Франциядан жойғыш ұшақтар сатып алуға келісім жасады Фото: freemalaysiatoday.com

Дүйсенбі күні Үндістан өз флотына Франциядан 630 млрд рупийге (($7,4 миллиард) 26 жойғыш ұшақты сатып алу туралы келісім жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.

Үндістан франциялық Dassault Aviation компаниясы шығарған 22 бір орындық және 4 екі орындық жойғыш ұшақ алады.

– Ұшақтары жеткізу 2030 жылы аяқталады, ал экипаж мүшелері Франция мен Үндістанда үйренеді, – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Қазіргі таңда Үндістанның әскери әуе күштері 36 Rafale ұшақтарын пайдаланады. Ал теңіз әскери күштерінде негізінен ресейлік МиГ-29 ұшақтары қызмет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу