Үндістан Қазақстаннан импортталатын уран көлемін арттырмақ

683

Қазіргі таңда біздің ел Үндістан нарығының  80 пайызын уранмен қамтып отыр.

Үндістан Қазақстаннан импортталатын уран көлемін арттырмақ

Биылдан бастап еліміз бес жыл ішінде Үндістанға экспорттайтын уран көлемін 10 мың тоннаға дейін арттыруы мүмкін. Бұған дейін "ҚазАтомӨнеркәсіп" екі жақты келісімнің негізінде Үндістанға 5 мың тонна уран жіберген. Енді тараптар алдағы уақытта да іскерлік қарым-қатынастарды жалғастыру үшін келіссөздер жүргізуде. Қазіргі таңда біздің ел Үндістан нарығының  80 пайызын уранмен қамтып отыр. Биыл "ҚазАтомӨнеркәсіп"  еншілес компанияларымен бірлесіп 23 мың тонна уран өндіруді жоспарлап отыр. Алайда оның тек 13,5-14,5 мың тоннасы ғана сатылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу