Үндістан мен Қазақстан Ауғанстан мәселесін талқылады

487

2023 жылғы 3 тамызда Астанада Үндістан-Қазақстан төртінші қауіпсіздік диалогы өтті. 

Үндістан мен Қазақстан Ауғанстан мәселесін талқылады Фото: ҚР СІМ

Екі ел делегациялары түрлі тақырыптарды көтеріп, соның ішінде Ауғанстанды сөз қылды, деп жазады Inbusiness.kz.

Үндістаннан келген делегацияны елдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Жоғары Мәртебелі Викрам Мисри Мырза, басқарды. Үндістан делегациясы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Нұржан Қаджиақбаров басқарған қазақстандық делегациямен нәтижелі талқылаулар өткізді.

"Қауіпсіздік диалогы шеңберіндегі талқылаулар екі елдің, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелерге, қауіптер мен қиындықтарға бағытталған.  

Екі тарап та осы мәселелер бойынша көзқарастардың ұқсастығын құптайды және терроризмге қарсы күрес, радикалдандыру, есірткіні бақылау және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, тиісті ұйымдар арасындағы қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін келесі қадамдар туралы келісті", — деп жазады Inbusiness.kz.

Сонымен қатар сапар барысында Мисри мырза Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесіп, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш мырзамен келіссөздер жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу