Үндістан Пәкістанды қолдаған адамдарды жазалауға көшті

162

Үндістанның Ассам штатының бас министрі Химанта Бисва Сарма 1 маусымда мәлімдеме жасап, Пәкістанға "жанашырлық білдіргені" үшін штатта 81 адамның ұсталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Үндістан Пәкістанды қолдаған адамдарды жазалауға көшті Фото: iStock Photo

Lianhe Zaobao басылымының жазуынша, Сарма Үндістан билігінің әлеуметтік желідегі мемлекетке қарсы жазбаларды жіті қадағалап, тиісті шаралар қолданып жатқанын мәлімдеді. Ол ұсталғандарға нақты қандай айып тағылғанын ашып айтқан жоқ. Алайда жергілікті полицияның журналистерге берген ақпаратына сәйкес, олардың бірі Instagram парақшасына Пәкістанның мемлекеттік туын шығарғаны үшін қамауға алынған.

Үндістан билігі биыл 22 сәуірде өз бақылауындағы Кашмир аймағында туристерге шабуыл жасалғаннан кейін әлеуметтік желіге бақылауды күшейте бастады. Ресми Делидің мәлімдеуінше, шабуылды ұйымдастырған қарулы топқа Пәкістан тарапынан қолдау көрсетілген, бірақ Исламабад бұл айыптауды жоққа шығарып отыр.

Үнді БАҚ-тарының хабарлауынша, өткен бірнеше аптада билік Пәкістан мүддесі үшін тыңшылық жасады деген күдікпен оннан астам адамды ұстаған. Олардың арасында бір танымал ютубер де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу