Үндістан пәкістандық ұшақтарға әуе кеңістігін жапты

125

Аймақтағы жағдай ушығып барады.  

Үндістан пәкістандық ұшақтарға әуе кеңістігін жапты Фото: www.ingos.ru

Сәрсенбі күні кешке Үндістан үкіметі Пәкістан әуе компаниялары үшін елдің әуе кеңістігін толық жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, бұл шара Пәкістанның осыған дейін қабылдаған шарасына қарымта жауап ретінде енгізіліп отыр. Тыйым 23 мамырға дейін жалғасады.

Исламабад Нью-Делиді алдағы 36 сағат ішінде Пәкістанға әскери соққы жасауға дайындалып жатыр деп айыптап отыр. Пәкістанның ақпарат және телерадио хабар тарату министрі Аттаулла Тарар осылай деп мәлімдеді. Сөзінше, ол "сенімді барлау мәліметтеріне" сүйенген.

"Кез келген агрессияға нақты жауап болады. Үндістан аймақтағы кез келген ауыр салдар үшін толық жауапты болады", – деді Аттаулла Тарар X желісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу