Оқиға Прaмадам стадионында болған. Мемлекет басшысы қатысатын іс-шара алдында қону алаңы ретінде дайындалған жерге жаңадан бетон және асфальт төселген. Алайда қону кезінде тікұшақтың артқы дөңгелегі толық қатпаған жамылғыға сіңіп, техника қозғала алмай қалған.
Әскери қызметкерлер мен жергілікті мамандар тікұшақты қолмен итеріп, қауіпсіз жерге шығарған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тікұшаққа да айтарлықтай зақым келмеген. Президент Мурму кейін жоспарланған іс-шараға қатысқан.
Жергілікті билік өкілдері қону алаңының сапасыз дайындалғанын мойындап, оқиғаға байланысты тексеріс басталғанын мәлімдеді.