Бұл туралы ANI агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Чинаб өзенінде орналасқан Баглихар гидроэлектростанциясы бөгетінің екі шлюзі ашылды", - делінген хабарламада.
Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, бөгеттен су ағызуға аймақтағы Джамму мен Кашмирде жауған қатты жаңбыр себеп болған. Жаңбыр су тасқынына алып келуі мүмкін деген қауіп бар.
Үндістан Чинаб өзеніндегі бөгет арқылы су жіберуді биыл 6 мамырда тоқтатқан болатын.
Бұған дейін Үндістан Инд өзенінің Пәкістан бағытына ағуын да бөгеген еді. Бұл 1960 жылы қол қойылған Инд өзенінің су ресурстарын бөлісу келісімінен кейінгі алғашқы жағдай. Сол кезде тараптар саяси қайшылықтарға қарамастан су ресурстарын бөлісетін болып келіскен еді.