Жарылыстан 18 адамның қатты жараланғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Anadolu агенттігі Үндістанның Махараштра штатындағы жарылғыш заттар өндіретін зауытта болған жарылыс салдарынан 17 адам қаза тапқанын нақтылады.
Мұндай жайсыз жаңалықты Махараштра штатының бас министрі Девендра Фаднавис 1 наурыз күні америкалық X компаниясының әлеуметтік желісінде хабарлаған.
Оның сөзінше, жарылыс Нагпур қаласындағы жарылғыш заттар өндіретін зауытта болған. Қазір жағдай ретке келтіріліп жатыр.
Сонымен қатар, министр құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын және оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу басталғанын атап өткен.
Жарылыстың себебі әзірге хабарланған жоқ. Бірақ, оған бірнеше себеп бары болжанған.
Қазіргі уақытта билік өкілдері зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатқанын, ал өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуы толық тексерілетінін хабарлады.