Үндістанда банк жұмысшылары жалпыұлттық ереуілге шықты

1046

Олар жалақыны көтеруді талап етуде.  

Үндістанда банк жұмысшылары жалпыұлттық ереуілге шықты

31 қаңтарда Үндістанда банк саласының жарты миллионға жуық қызметкері екі күндік жалпыұлттық ереуілді бастады. Бас көтеруге мемлекеттік банктердің жұмысшылары қатысып жатыр, ал жеке меншік банктердікі көшеге шықпаған.

Үндістанның Мемлекеттік банкі өкілдерінің айтуынша, банкоматтан ақша алу немесе оған салу, несие беру және чекті рәсімдеу сияқты операциялар ереуіл кезінде қызмет көрсетпей қалуы ықтимал. Наразылық шарасы 31 қаңтар (жұма) және 1 ақпан (сенбі) күндеріне белгіленген, бірақ жексенбі демалыс күні болып есептелгендіктен халықтың толқуы дүйсенбіге дейін жалғаспақ.

Қаржы мекемелерінің жұмысын тоқтатуға банктік одақтың біріккен форумы ұйымы шақырып отыр. Оның құрамына банк саласының 9 ірі кәсіподағы кіреді. Шараға қатысушылар жалақы мен зейнетақыны көтеруді, зейнетақыны есептеу ережесін өзгертуді және бес күндік жұмыс күнін енгізуді талап етіп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу