Үндістанда ескі көпір құлап, бірнеше адамның өмірін жалмады

Оқиға Гуджарат штатындағы Вадодара ауданында болған.  

Үндістанда ескі көпір құлап, бірнеше адамның өмірін жалмады Фото: ndtv.com

NDTV-ның хабарлауынша, 9 адам қаза тауып, бірнеше көлік өзенге құлап түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Үндістандағы Ананд пен Вадодара аудандарын байланыстыратын көпір таңертеңгі қарбалас уақытында опырылған. Қайтыс болғандармен қатар, 3 адамның жарақат алғаны жайлы ақпарат бар. 

Көпірдің бір бөлігі құлаған уақытта ол жерден төрт көлік өтіп бара жатқан. Олар – екі жүк көлігі, жол талғамайтын Bolero және пикап. 

Куәгерлер көпір құлағанға дейін қатты жарылған дыбысты естігенін айтады. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жергілікті полиция қызметкерлері мен Вадодара ауданы әкімшілігінің қызметкерлері барған. Зардап шеккендерді құтқаруға жергілікті тұрғындар да атсалысқан. Құтқарылған 3 адам жақын маңдағы ауруханаларда ем қабылдап жатыр. 

Ал жергілікті тұрғындар бұл көпірді әкімшілік көптен бері елемей келгенін айтып ашынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу