Үндістанда Қазақстан азаматы бар кеме ұсталды

476

Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.  

Үндістанда Қазақстан азаматы бар кеме ұсталды Фото: AI Atameken Business

Үндістанның Парадип портында бортында 23 теңізшісі бар MT UNITY кемесі ұсталды, деп  жазады inbusiness.kz сайты.

Экипаж құрамында Қазақстан Республикасының азаматы бар.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәліметінше, кемені ұстауға оның иесінің жергілікті жанармай жеткізуші алдындағы қаржылық берешегі себеп болған.

"Қазақстандық дипломаттар азаматымыздың елге қайтуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр", – деді Жанболат Үсенов.

Оның айтуынша, жағдайды реттеуге жәрдем көрсету үшін Үндістанның сыртқы істер министрлігіне тиісті дипломатиялық нота жолданған.

Сонымен қатар СІМ аталған Қазақстан азаматы мен оның отбасы мүшелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне көмек сұрап жүгінбегенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу