Үндістанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

845

Инфекция табылған жерлерге арнайы белгілер қойылып жатыр.

Үндістанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Үндістанның Махараштра штатында коронавирустың жаңа штамын жұқтырудың 20 фактісі тіркелді. Штамға "дельта плюс"  (B. 1.617.2.1) деген атау берілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz медициналық білім беру және зерттеулер басқармасының басшысы доктор Татьярао П. Лаханның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Вирустың жаңа түрінде K417N мутациясы бар. Ол дертпен бұрын ауырған және вакцинацияланған адам ағзасындағы антиденелердің белсенділігін төмендетеді. "Дельта плюс" Нави-Мумбай, Палгаре және Ратнагириде табылған. 

Лаханның дерегінше, Ратнагири портында жаңа штамды жұқтырудың бес жағдайы тіркелген, бірақ екі науқаста аурудың ешқандай белгілері байқалмаған.

Инфекцияның таралуын болдырмау үшін жергілікті билік арнайы аймақтар құрып, жаңа штамм табылған жерлерге арнайы белгілер қойып жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу