Үндістанда Telegram мессенджері уақытша бұғатталды

115

Себебі, әлеуметтік желі мемлекеттік емтиханға кедергі келтірген.  

Үндістанда Telegram мессенджері уақытша бұғатталды Фото: thereportbharat.com

Үндістанда Telegram бұғатталды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, платформада медициналық жоғары оқу орындарына түсу емтиханының тапсырмалары тарап, жалған материалдар сатылған. Кейін ел үкіметі 2 миллион 300 мыңға жуық талапкердің нәтижесі жойылғанын мәлімдеді.

Енді NEET ұлттық емтиханы 21 маусымда қайта өтеді. Ал оған дейін Үндістан аумағында Telegram қолжетімсіз болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу