Үндістанда жасалған зымыран жер серігін атып түсірді

1490

Үндістан Ресей, АҚШ пен Қытайдан кейін жер серіктеріне қарсы қаруды сынақтан өткізген төртінші мемлекет атанды.

Үндістанда жасалған зымыран жер серігін атып түсірді

Үндістанда жасалған зымыран жер серігін атып түсірді, деп хабарлайды 24.kz.

Елдің премьер-министрі Наренда Модидің айтуына қарағанда, бұл – елеулі тарихи оқиға. Ол зымыранның 300 шақырым қашықтықтағы ғарыш кеңістігінде жер серігін қағып түсіргенін ресми түрде хабарлады. Осылайша, Үндістан Ресей, АҚШ пен Қытайдан кейін жер серіктеріне қарсы қаруды сынақтан өткізген төртінші мемлекет атанды.

Телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде Моди зымыран бағдарламасы арқылы ешкімге сес көрсеткісі келмейтінін алға тартты. Керісінше, бұл – Үндістанның қауіпсіздігі үшін қолға алынған бағдарлама. Бұған қатысты, Пәкістан мен Қытай тарабы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу