Үндістандағы көлдер өртенуде

1157

Үндістандағы көлдер өртенуде

Ғалымдар Үндістанның Бангалор қаласы 2025 жылы ешбір тіршілік иесі тұра алмайтын қаңыраған мекенге айналады деп болжауда. Қаланың суы улы қалдықтармен ластанғаны соншалық, осындағы көлдер өздігінен отқа оранып жатады. Бұл туралы zhasalash.kz хабарлайды.
Ғылыми-зерттеу институтының мамандары қалдықтарды заңсыз түрде ағын суларға тастаудың зардабы орасан зор апат әкелетінін айтып дабыл қағуда. Бұл жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, көл атаулының да жойылуына әсер етуде. Қала көлдеріне күнделікті ластанған 400-600 млн литр су құйылады екен. Күнде мыңдаған балық қырылып жатады. Кезінде "көлді қала" атанған Бангалор енді "тозақ мекені" деген қорқынышты атауға ие болды.

Бұл өңірде өрт соңғы рет ақпанда тұтанған. Оның жалыны 12 сағат бойы сөнбей тұрыпты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу