Елдің батысындағы Ахмедабад қаласында болған ұшақ апаты орнынан 279 адамның денесі табылды. Бұған дейін 265 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді.
DW басылымының жазуынша, ресми түрде қаза тапқандардың саны ДНҚ арқылы сәйкестендіру жұмыстары аяқталғаннан кейін жарияланады.
Boeing 787 Dreamliner ұшағы Үндістанның Ахмедабад қаласынан Лондонға бет алған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Бортта 242 адам болған. Кейінірек бұл апаттан тек бір жолаушы аман қалғаны белгілі болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу