Үндістандық компания еліміздегі көмір станцияларының жобаларына қатысады

633

Қазақстандық делегацияның Үндістанға сапары барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Үндістандық компания еліміздегі көмір станцияларының жобаларына қатысады

2019 жылы 10-12 ақпан аралығында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация құрамында сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Көшербаев, инвестициялар комитеті және "Казахинвест" ҰК өкілдері Үндістанға іссапармен барды, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.. 

Сапар барысында делегация жаңартылатын энергия көздері, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге арналған технологияларды дамыту және т.б. мәселелеріне арналған PETROTECH-2019 ірі халықаралық конференциясына қатысты.

"Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ірі халықаралық компаниялар үшін сенімді серіктес бола алды. Бүгін де олар мұнай-газ кен орындарын игеруге белсенді түрде инвестиция құюда. Қазіргі таңда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде біз көлік инфрақұрылымын кеңейтуге қол жеткіздік, Қазақстан әлемдік нарықтарға мұнай мен газдың жауапты жеткізушісі болып табылады. Отандық МӨЗ жаңғырту сәтті аяқталғанын және бүгінгі күні қазақстандық мұнай өнімдері қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетінін атап өткім келеді.

Сондай-ақ біз көмірсутектерді терең өңдеу өнімдерін шығару бөлігінде мұнай-газ химиясын дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Бұл салаға инвестиция тарту үшін жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетіледі", – деп атап өтті Қанат Бозымбаев Үндістанның мұнай және табиғи газ министрі Дармендра Прадханмен кездесу барысында.

Екі елдің министрлері Қазақстан – Үндістан үкіметаралық комиссиясында және Астанада ҮАК 13-ші отырысы барысында қабылданған уағдаластықтарды орындау шеңберінде өз елдерінің төрағалары болып табылатынын атап өткен жөн, тараптар оның кезекті отырысын 2019 жылы өткізуге келісті.

Сапар аясында сондай-ақ "Қазақинвест" ҰК мен Үндістанның ірі энергетикалық конгломераты NTPC Limited арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қойылған құжат күн электр станцияларын салу жөніндегі жобаларда тараптардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ ҚР аумағындағы қолданыстағы көмір станцияларының жобаларына Үнді компаниясының қатысуын көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу