Себебі, Америка Құрама Штаттары мен Израильдің шабуылынан соң, Тегеран Ормұз бұғазындағы кеме қатынасын шектеп тастады, деп жазады inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ Үндістанға Ресейден мұнай сатып алуға уақытша рұқсат етті. Құрама Штаттар Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, осыған дейін енгізілген шектеу тек 30 күнге күшін жояды.
Ирандағы жағдайдан соң әлемдік нарықта мұнай азайып, баға күрт өсуі ықтимал. АҚШ бұған жол бермеу үшін Үндістанға осындай жеңілдік жасамақ. Вашингтон бұдан Ресей табысқа кенелуі екіталай деп санайды. Өйткені теңізде қаңтарылып тұрған танкерлердегі мұнайды ғана сатып алуға рұқсат беріп отыр.
Үндістандық МӨЗ-дер үшін шикізат құнының күрт өсуі назар аудартады.
Егер бұрын ресейлік Urals маркасы үлкен жеңілдікпен сатылса, енді жағдай өзгерді:
- Ақпан: жеңілдіктер барреліне $13-ке жетті.
- Наурыз-сәуір: трейдерлер партияларды эталондық маркаларға $4-$5 сыйлықақымен ұсынып жатыр.
Сарапшылар мұндай динамиканың Иран төңірегіндегі қақтығыстың өршуіне байланысты тасымалдың баламалы нұсқаларының қысқаруымен байланыстырады.
Айта кетейік, соңғы саудада қара алтын бағасы барреліне 86 доллардан асып түсті.