Үндістанмен әуе қатынасы қайта жанданады

1185

Қазақстан мен Үндістан арасындағы тұрақты әуе рейстері қалпына келтіріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үндістанмен әуе қатынасы қайта жанданады

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қос ел арасында тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге рұқсат берген.

"2021 жылғы 15 қарашадан бастап "Air Astana" әуе компаниясы "Алматы-Дели-Алматы" бағытында аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады", – деп жазылған ИИДМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу