Үндістанның 25 азаматы Франциядан баспана сұраған

230

Олар БАӘ-ден Никарагуаға ұшып бара жатқан. 

Үндістанның 25 азаматы Франциядан баспана сұраған  Фото: pixabay.com

Париж маңындағы Ватри әуежайында заңсыз мигранттарды тасымалдады деген күдікпен үш күнге кешіктірілген румыниялық Legend Airlines компаниясының ұшағы 25 желтоқсанда Бомбейге ұшты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Борттағы 303 үнді азаматының 276-сы кері сапарға аттанды. 25 адам баспана сұрап, сот оларды мүмкіндігінше тезірек қарауды талап етті. Тағы екі адам заңсыз иммигранттарды тасымалдауды ұйымдастырды деген күдікке ілінді, Алайда, сот отырысының қорытындысы бойынша оларға тағылған айыптар алынып тасталды.

Айта кетейік, ұшақ БАӘ-ден Никарагуаға ұшып бара жатқан және жанармай құю үшін Ватриге қысқа ғана аялдама жасауы қажет еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу