Үндістандағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 38-ге жетті

137

Қаза тапқандардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар. 

Үндістандағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 38-ге жетті Фото: canva

Үндістанның оңтүстігінде өткен шеру кезінде болған дүрбелең салдарынан қаза тапқандар саны 38 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Тамилнад штатында киноактер Виджай ұйымдастырған "Тамилага Веттри Кажагам" саяси ұйымын қолдау митингі кезінде орын алған.

Штаттың басшысы В. Сентил Баладжидің айтуынша, 46 адам жеке ауруханаға жатқызылған, тағы 12 науқас мемлекеттік медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр.

Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди X әлеуметтік желісіндегі жазбасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу