Ұңғымаларға цифрлық мониторинг жасау: Геологтар өндіріске өз жобаларын енгізді

242

"Қаражанбасмұнайдағы" жоба 3 ай бойы компанияның арнайы бригадасында сынақтан өтті.  

Ұңғымаларға цифрлық мониторинг жасау: Геологтар өндіріске өз жобаларын енгізді Фото: kmg.kz

Нәтижесінде 18 ұңғымадағы ауытқулар дер кезінде анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ҚазМұнайГаз" компаниялар тобы қызметкерлері өндіріс тиімділігін арттыру үшін цифрландыру және заманауи шешімдерді енгізуге белсенді атсалысып келеді. №3 мұнай өндіру цехының геологы Абай Сүгіров "Алып" бағдарламасы аясында өз авторлық жобасын қорғап, тәжірибелік-өндірістік сынақтан сәтті өткізді.

Жобаның мақсаты – ұңғымалардың тәуліктік көрсеткіштері: қысым, температура және басқа да параметрлерін мобильді құрылғылар арқылы цифрландырып, оларды веб-платформаға уақытылы енгізу. Бұған дейін деректер геологтарға қағазға қолмен тіркелген күйде жеткізіліп келді. Бұл өз кезегінде жедел шешім қабылдауға кедергі келтірді.

Аталған бастама деректерді жинау мен талдаудың заманауи тәсілдеріне көшу мұнай өндіру саласында тиімділікті арттыруға және шығындарды оңтайландыруға жаңа мүмкіндік ашатынын айқын көрсетті.

Айта кетейік, ысырапсыз өндіріс мәдениетін қалыптастыруға және заманауи шешімдерді енгізуге бағытталған "Алып" бағдарламасы 2024 жылдың күзінде іске қосылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу