Универсиада - 2019: Аделаида Пчелинцева ел рекордын жаңартып, финалға өтті

687

Неапольда жазғы спорт түрлерінен Универсиада ойындары жалғасуда. 

Универсиада - 2019: Аделаида Пчелинцева ел рекордын жаңартып, финалға өтті

50 метрге брасс әдісімен жарысудан әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық Аделаида Пчелинцева өз тобында үшінші орын алса, жалпы есепте бесінші орынмен финалға өтті. Ол аталған қашықтықты 31.33 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты.  Әзірге бразилиялық Дженифер Алвес көш бастап тұр.

Финал 10 шілдеге жоспарланған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу