Универсиадада Атырау облысының намысын үш спортшы қорғайды

896

Универсиадада Атырау облысының намысын үш спортшы қорғайды

Алматы қаласында өтетін дүниежүзілік қысқы Универсиадаға Атырау облысынан шорт-трек бойынша үш спортшы қатысатын болды. Олар қостанайлық Денис Никиша, Ольга Тихонова және кореялық Ким Ён А.

Қостанайлықтардың Атырауда жаттығып, облыстың атынан жарыстарға шығып жүргендеріне бір жылдай болған. Қазіргі кезде бұл спортшылар маусым айынан бері Астана қаласындағы заманауи технологиялармен жабдықталған "Сарыарқа" мұз айдынында жаттығып жатыр, деп хабарлады atpress.kz.

Денис Никиша шорт-тректен Сочиде өткен қысқы Олимпиаданың төртінші орын иегері. Жиырма бір жасар спортшының шорт-трекпен айналысып келетініне биыл оныншы жыл.  Спортышының айтуынша, бұл спорт түрі бойынша мықты қарсыластар Қытай және Корея елінен келеді. Алайда, атыраулық спортшылардың да дайындығы осал емес.   

"Өзіміздің елдегі жарыс болғандықтан барлық жанкүйерлердің назарында боламыз. Сондықтан қазақстандықтардың үмітін ақтауға бар күшімізді саламын деп сендіремін", - дейді спортшы қыз Ольга Тихонова. 

Шорт-трек - хоккей алаңының ішінде жарыс қашықтығын максималды жылдам бағындыруға бағытталған конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі. Мұнда спортшыларымыз жекелей жеке және эстафеталық түрде бағын сынайды. 

Еске сала кетейік, күні бүгінге дейін халықаралық қысқы универсиада ойындарында қазақстандық студенттер 125 медаль еншілеген. Олардың 35 - алтын, 39 - күміс. Ал, Универсиада-2017 қысқы ойындары ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда ең алғашқы болып өткізілгелі отыр. Алматы қаласында өтетін Универсиада ойындарына әлемнің 55 астам елінен 2000 спортшы қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу