Универсиададан кейін Атлетикалық ауылдағы пәтерлер алматылықтарға беріледі

890

Универсиададан кейін Атлетикалық ауылдағы пәтерлер алматылықтарға беріледі

Универсиада ойындарынан кейін Атлетикалық ауылдағы пәтерлер алматылықтарға беріледі. Бүгіннен бастап 8-ші ақпанға дейін азаматтардан қажетті құжаттарды қабылдаудың 4-ші толқыны басталды, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Жалға берілетін пәтерлердің шаршы метрі 1036 теңгені құрайды. 1748 пәтердің 996-сы бір бөлмелі, 560-ы 2 бөлмелі және 192-сі 3 бөлмелі пәтерлер. Жыл соңына дейін үй кезегінде тұрған мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жетімдер және  1,2 топ мүгедектері алуына мүмкіндік бар. Ол үшін алдымен Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды қолтаңба алу керек. Яғни, құжаттардың барлығы электронды түрде қабылданады. Тапсырғаннан кейін, құжаттарды Тұрғын үй басқармасының қызметкерлері түгендеп, кезекке тұрған жылға қарай, жолдама береді. Сол жолдама бойынша азаматтар Қазақстан Ипотекалық компаниясына барып, төлем қабілеттеріңізді дәлелдейді. Содан кейін ғана, құжаттар қаралып, пәтер үлестіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу