Университеттер жаңа мамандық ашса, студенттерді толық жатақханаға орналастыруға міндеттенеді

520

"Жеке меншік болсын, мемлекеттік болсын, кез келген жаңа мамандықты ашу үшін немесе жаңа лицензияны алу үшін міндетті түрде шарт қойылады. 100 адамға лицензия өтінімін бере ме, онда сол 100 адамға жатақанхана орынын қамтамасыз етуі керек". 

Университеттер жаңа мамандық ашса, студенттерді толық жатақханаға орналастыруға міндеттенеді

Бұл Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің үкімет кулуарында журналистерге айтқаны, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Осы жылдан бастап заңнамалық түрде сондай шарттар енгізілді, шектеу қойылды", – деді министр.

Оның айтуынша, жатақханамен толық қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз есебінен толыққанды шеше алмайды. 

"Сондықтан Білім министрлігінің жанындағы қаржы орталығымен бірлесіп, жеке инвесторлармен, құрылыс компанияларымен, мердігерлер тікелей жұмыс істеп жатырмыз. Оларға арнайы алты жылдық шарттар береміз. Яғни қаржы моделін ұсынамыз. Сол қаржы моделімен 2026 жылға дейін стундеттердің 60-70 пайызын жатақханамен қамтамасыз етеміз", – деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу