Университеттердің рейтингі грант санына әсер етуі мүмкін

694

Жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларының 73%-ы жұмыс берушілердің сұранысына сай емес.  

Университеттердің рейтингі грант санына әсер етуі мүмкін

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы биыл екінші рет Білім және ғылым министрлігімен бірге қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізді.

 "Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілді. Олардың ішінде түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, алатын еңбекақысы, оқу аяқтаған соң жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсағандары, бағдарламалардың өзектілігі сияқты талаптар негізге алынды", – дейді палатаның басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

 Оның айтуынша, қазақстандық жоғары оқу орындары ұсынып отырған білім беру бағдарламаларының 73%-ы жұмыс берушілердің сұранысына сай келмеген.

"Кейбір жоғары оқу орны сапалы білім беруге тырыспайды, есесіне дипломдарды басып шығарып, жылдам ақша табуда. Өйткені ел арасында білімге емес, дипломға сұраныс жоғары", – деді спикер.

"Атамекен" палатасы мұндай тенденциямен әкімшілік тетіктерді іске қосу арқылы күресуді ұсынып отыр.

 "Ол үшін түлектері жұмыссыздардың қатарын толтырған оқу орындарын лицензиядан айыру қажет. Атамекен" білім беру гранттарын бөлу ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынады. Егер ЖОО рейтингтің төменгі жағында болса, комиссия мұндай білім ордасын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту құқығынан айыруға құқылы болуы керек", – деді Олжас Ордабаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу