banner

Ұнның қымбаттауына қандай жағдайлар ықпал етті

1218

Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді.  

Ұнның қымбаттауына қандай жағдайлар ықпал етті

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша елімізде ұнның қымбаттауына Ресей импортының тоқтап қалғаны ықпал етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Біздің ойымызша, мәселе астықтың көлемінде емес, оның бағасында болып отыр. Бұрын біздің ұн тартатын кәсіпорындар бидайды Ресейден анағұрлым төмен бағаға көп импорттайтын, ал біздің астық негізінен экспортқа кететін. Бұл баланс Ресей дәнді дақылдарды экспорттауға тыйым салғанша сақталды. Аталған шешім ұн тартушыларды шұғыл түрде ішкі нарықтан шикізат алуға көшуге мәжбүр етті және тиісінше астық бағасы өсті", – деді Айдарбек Сапаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қазіргі қордағы 6,4 млн тонна астықтың 3,4 млн тоннасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде сақтаулы екенін айтты. Ал олар өз өнімін қымбатырақ сатқысы келеді. 

"Шаруаларға да егістік жұмыстарын жүргізуге, несиесін өтеуге қаражат қажет екенін түсіну керек. Әрине, олар қолда бар қорын тиімді сатуға тырысады", – деп түсіндірді жағдайды спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу