ҰОК бас хатшысы ICF вице-президентімен кездесті

592

Жиын барысында талқыланған басты мәселе – команданың алдағы Токио ойындарына дайындығы. 

ҰОК бас хатшысы ICF вице-президентімен кездесті

Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков Халықаралық байдарка мен каноеде есу федерациясының (ICF) вице-президенті Томас Кониецкомен кездесті. Нұр-сұлтанда өткен жиынға Қайық федерациясының өкілдері де қатысып, аталған спорт түрінің еліміздегі даму қарқыны талқылады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Кониецко мырза Қазақстанды Азия құрлығында байдарка мен каноеде есу спортын жақсы қарқынмен дамытып отырған мемлекеттердің бірі ретінде танитынын жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстанның допингке қарсы бағдарламасы да назардан тыс қалған жоқ.

Кездесу барысында ҰОК бас хатшысы ұйымның спортта допинг қабылдауына қатысты "нөлдік төзімділік" бағытын ұстанатынын тағы бір еске салды. Қазақстанға сапары барысында вице-президент Ұлттық допингке қарсы орталыққа да ат басын бұрды. 

Одан бөлек, спорттық білім мен ғылым саласындағы әріптестік саласы да талқыланды. Халықаралық федерация болашақта бапкерлердің біліктілігі мен атлеттердің білімін арттыруға күш салмақ. 

Айта кетелік, 24-28 сәуір күндері Алматыда байдарка мен каноеде есуден Қазақстан чемпионаты өтеді. Халықаралық федерация өкілі аталған жарысқа да ат басын тірейді. 

Қазақстан ҰОК бас хатшысы еліміздегі спорттың дамуын назардан тыс қалдырмаған Кониецко мырзаға алғыс айтып, 2020 жылдың қараша айында өтетін ICF президентінің сайлауында сәттілік тіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу