ҰОК қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтайды

1264

"Бұл күні біз өз Отанымыздың нағыз патриоты ретінде тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолында халықтың қандай қиын кезеңдерді бастан өткізгенін тағы бір еске аламыз".   

ҰОК қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтайды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті барша тұрғындарды еліміздің ең басты мерекелерінің бірі – Конституция күнімен құттықтайды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Бүгін біздің мемлекеттігіміздің ең басты символдарының бірі – Конституция күні тойлануда. Бұл күні біз өз Отанымыздың нағыз патриоты ретінде тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолында халықтың қандай қиын кезеңдерді бастан өткізгенін тағы бір еске аламыз. 

Еліміздің ең басты заңы – ауыр жолдың артында күткен жеңістің белгісі және егемен елдің іргетасын алғаш болып қалаған бабалардан қалған құқықтар жиынтығы. Еңбек құқығы, өз ойыңды еркін білдіру құқығы, денсаулықты қорғау, білім алу, мамандық таңдау және қоғамнан өз орныңды табу құқығы, оның ішінде спортпен шұғылдану да бар – мұның бәрі біздің ұрпақтан ұрпаққа жолдайтын ең басты құндылықтарымыз. 

Сіздердің әрбір бастамаңызға табыс тілейміз! Спортпен шұғылданып, денсаулықты сақтаңыздар!
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу