ҰОК пен ЮНЕСКО ортақ жобаларды талқылады

991

Алматыда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков пен ЮНЕСКО кластерлік бюросының Директоры Крист Пиккат кездесті.

ҰОК пен ЮНЕСКО ортақ жобаларды талқылады

Қос тараптың кездесуі ЮНЕСКО-ның Алматыдағы жаңа штаб-пәтерінде өтті. Кездесу барысында тараптар меморандум аясында табысты жүзеге асырылған жобалар туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айта кетелік, екі ұйым бірнеше біріккен жобалармен жұмыс істеді. Мәселен, Girls Power, Women Athletes, Career Transition Program тренинг-семинары, Халықаралық Олимпиада күні аясында ұйымдастырылған жас көшпенділер Ойыны, Марафон аясындағы FunRun жобасы қос ұйымның мұрындық болуымен өткен. 

Бұл жолғы кездесуде басқа салада іске асатын идеялар ортаға тасталды. Атап айтар болсақ, ауыл жастарының трансверсальді қабілетін арттыруға арналған бағдарламалар құру, ұлттық спорт стратегиясы аясында дене шынықтыруды сапалы түрде үйрету, спорттық мансабын аяқтаған спортшыларға пиар/маркетинг, журналистика, психология, компьютерлік сауаттылық, менеджмент және басқа да бағыттар бойынша семинарлар сериясын ұйымдастыру, бапкерлер мен спортшылар және кешенді ғылыми топ мүшелеріне буллинг, алымсақтық, допингпен күрес және олимпиадалық құндылықтарды дамыту жөніндегі оқу құралын дайындау жөнінде семинар-тренингтер өткізу туралы мәселелер қарастырылды.  Сондай-ақ, ЮНЕСКО штаб-пәтерінде кластерлік бюро мен Қазақстан ҰОК арасындағы белсенді әріптестікті жоғары бағалады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу