Уран өндірісі 3% қысқарды

2022 жылы өндіріс көлемі 21,227 мың тоннаны құрады. 

Уран өндірісі 3% қысқарды Фото: Егемен Қазақстан

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ 2022 жылы уран өндіру 21,227 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3%-ға төмен.

"COVID-19 пандемиясының ұңғымаларды игеруге әсеріне байланысты өндіріс көлемі 2021 жылмен салыстырғанда төмен болды. Әдетте, ұңғымаларды игеру мен жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен уран өндіру арасында сегіз айдан он айға дейін уақыт өтеді, осыған байланысты 2021 жылы кідірістер немесе белгілі бір негізгі материалдар мен жабдықтарға шектеулі қолжетімділік сол кездегі ұңғымаларды пайдалануға беру кестесіне әсер етті, бұл 2022 жылғы өндірістің төмендеуіне әкелді. Өндіріс көлеміне қатысу үлесіне пропорционалды түрде сондай-ақ 2021 жылғы шілдеде CGN Mining UK Limited компаниясына "Орталық" ӨК" ЖШС үлесінің 49%-ын сату әсер етті", – деп жазылған компанияның есебінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу