"Үркер-2019" ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

2094

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы "Үркер" ұлттық сыйлығы 2017 жылы тағайындалған болатын.

"Үркер-2019" ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Үркер-2019" ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлады.

Өтінімдер 2019 жылдың 25 мамыры мен 20 маусымы аралығында www.urker-awards.kz  ресми сайтында орналастырылған үлгіге сәйкес қабылданады.

Бұл ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, аталған сыйлық өңірлердегі мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін арттыру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Биылғы жылы дәстүрлі номинациялардан бөлек, "Жыл new media" номинациясы тағайындалып отыр. Бұл номинацияға қатысу үшін өтінімді танымал ақпараттық telegram-каналдар және әлеуметтік желілердегі белсенді топтар мен пабликтер бере алады.

Үздіктерді арнайы құрылған комиссия айқындайтын болады. Жеңімпаздарға 1 000 000 теңге және сыйлық табысталады.

Еске сала кетсек, баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы "Үркер" ұлттық сыйлығы 2017 жылы тағайындалған болатын. Екі жыл ішінде еліміздегі белді басылымдар, интернет-порталдар мен журналистерге жалпы саны 26 сыйлық табысталған, олардың ішінде – ақпараттық агенттіктер, өз оқырманы қалыптасқан тақырыптық басылымдар да болды.

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы "Үркер-2019" ұлттық сыйлығын ұйымдастыру және өткізу туралы "ережені" басу арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу