"ҮРКЕР-2025" ұлттық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

161

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы "ҮРКЕР-2025" ұлттық сыйлығына өтінім қабылданады, деп жазады inbusiness.kz сайты Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҮРКЕР-2025" ұлттық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

– Өтінімдер 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады. Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады, – делінген ведомство хабарламасында.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:

  • Жылдың үздік сұхбаты
  • Жылдың үздік репортажы
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы
  • Радиостанциядағы үздік жоба
  • Жылдың үздік фотосуреті
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы
  • Жылдың үздік өңірлік БАҚ
  • Жылдың үздік подкасты
  • Жылдың үздік YouTube-арнасы

Айта кетейік, жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына "ҮРКЕР-2025" естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады. "ҮРКЕР" ұлттық сыйлығы – баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу