Үрлемелі шеңбермен теңізге шыққан жас жұп жағалаудан 800 метрге алыстап кеткен

418

ТЖМ құтқарушылары теңізде үрлемелі жүзу шеңберімен жағалаудан алыстап кеткен демалушыларға тағы да көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үрлемелі шеңбермен теңізге шыққан жас жұп жағалаудан 800 метрге алыстап кеткен Фото: canva

Маңғыстау облысында Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде, Каспий теңізі жағалауындағы "Шора" каналы ауданында ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар барысында 1999 және 2000 жылы туған жас жұпты құтқарды.

Демалыс кезінде олар үрлемелі жүзу шеңберімен жағалаудан шамамен 800 метр қашықтыққа теңізге алыстап кеткен. Құтқарушылар оларды дер кезінде байқап, жағаға жеткізді.

Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу