Үржар-Астана әуе рейсі ашылды

920

Үржар-Астана әуе рейсі ашылды

Шығыс Қазақстанның Қытаймен шекарада жатқан шалғай ауыл тұрғындары енді елордаға 2 сағатта жететін болды, деп хабарлайды 24.kz.

Үржар-Астана бағытында жаңа әуе рейсі ашылды. Аптасына 4 рет қатынайтын рейсте жолаушыларға 40 орындықты АН-2 ұшақтары қызмет етеді.

Бұған дейін аудан орталығынан Семей, Өскемен, Алматы қалаларына ғана әуе қатынасы бар еді. Мұның бәрі аймақтағы туризмді дамытып, Алакөлге келетін саяхатшылар санын еселеуге жол ашады. ЭКСПО көрмесіне де барыс-келіс жандана түспек.

Жоспар бойынша келесі жылы әуежайды күрделі жөндеуден өткізіп, ұшып-қону жолақтарын 1,5 шақырымға дейін ұзарту көзделіп отыр. Яғни болашақта "ТУ", "БОИНГ" сияқты алып ұшақтар қабылдауға да мүмкіндік туады.

"Астана мен Алматы рейсінің 50 %-ын республикалық бюджеттен төлейді. Ал Семей мен Өскеменге облыстық бюджеттен төленеді. Билет бағасы Семейге 7 мың, Өскеменге 8 мың, Астана мен Алматыға 14 мың теңге", - дейді Үржар әуежайының коменданты Болат Бектеміров, 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу