Үржар ауданына жаңа әкім тағайындалды

366

Бұл туралы аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында белгілі болды.

Үржар ауданына жаңа әкім тағайындалды Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысы Үржар ауданында жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты. 

Сессияда облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков аудан әкімі қызметіне Ақылбек Башимбаевтың кандидатурасын таныстырды.

Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлы 1976 жылы 10 қазанда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Энергетик кентіндегі Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2001-2002 ж. - Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы. 2002 ж. – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының ұлттық және тіл саясаты бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы.

2007-2015 ж. – "Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" КММ директордың орынбасары, Алматы қаласы. 2015-2016 ж. – "Алматы қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" КММ басшысы орынбасары, Алматы қаласы. 2018-2020 ж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық істері комитетінің бас сарапшысы, Астана қаласы. 2022 ж. - "Материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМК, ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы, Астана қаласы.

Ол тағайындауға дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу